Инстасториз: Классикалық әдебиет оқу мүмкіндігі

Инстасториз: Классикалық әдебиет оқу мүмкіндігі
Фото: vk.com

Инстаграм әлеуметтік желісінің Сториз қызметі арқылы Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы қорынан классикалық туындылар оқу мүмкіндігі пайда болды.

Кітапхана ұжымы әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, кітаптардың цифрлы нұсқасын көпшілікке қолжетімді етуді көздейді.

Сторизге жүктелген бірінші туынды — Льюис Кэрроллдың "Алиса ғажайыптар елінде" ертегісі. Цифрлы нұсқадағы иллюстрацияларды испаниялық Magoz есімді суретші салған. Мәтін толықтай жүктелген және көркем суреттермен безендірілген.

Алдағы екі айда Нью-Йорк қоғамдық кітапханасының инстаграм парақшасында (@nypl) Франц Кафканың "Құбылу" романы пайда болады. Әдебиет César Pelizer  иллюстрацияларымен көркемделеді. 

А. Оралқызы