"Сырым жортқан сары дала..." Республика ақындарының жабық конкурсы жарияланды

"Сырым жортқан сары дала..."  Республика ақындарының жабық конкурсы жарияланды
Фото: baq.kz

Атырау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Атырау қаласында Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің 235 жылдығына орай "Сырым жортқан сары дала..." Республика ақындарының жабық конкурсы жарияланды.

Шарттары:
1. Конкурсқа 40 жасқа дейінгі ақындар қатысады;
2. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан алған атағы бар ақындар қатыса алмайды;
3. Өлең 10 шумақтан аспауы тиіс;
4. Шығарма жасырын атпен Agatai_2005@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі. Бөлек конвертке жасырын атын, жеке куәлігінің көшірмесін, өлең тақырыбын, өзінің телефоны мен тұрақты мекенжайын мына адреске жіберуі тиіс. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 11 (аула ішіндегі ғимарат), Қазақстан Жазушылар одағының Атырау филиалы.

Марапаттар:
1. Бас жүлде – біреу;
2. Бірінші орын – біреу;
3. Екінші орын – екеу;
4. Үшінші орын – үшеу.
Бұдан басқа арнайы және шабыттандыру сыйлықтары қарастырылған. Қазылар алқасына жүлдегерлерді анықтау үшін берілген шығармалардың тақырыбы, авторларының аты-жөні көрсетілмейді. Конкурс қорытындысы осы жылы қыркүйек айының аяғында шығарылады. Марапаттар Атырау қаласында тапсырылады.

Т. Раушанұлы