"Тақтар ойыны": Таргариендер әулетінің тарихы

"Тақтар ойыны": Таргариендер әулетінің тарихы
Фото: vk.com

Америкалық жазушы Джордж Р.Р.Мартин жаңа кітабын шығарды. Бірінші том 2018 жылдың 20 қарашасына жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, әлем бойынша атағы дүркіреп тұрған "Тақтар ойыны" сериалы осы автордың "От пен мұздың әні" атты романының желсі бойынша түсірілген. Таргариендер әулетінің тарихынан сыр шертетін кітап "От пен қан" аталады.

Джордж Р. Р. Мартин роман туралы: "Ол жаулаушы Эйгон I-ден бастап Эйгон III-ке дейінгі кезеңді қамтиды. Оқиға ортасында билеушілердің әйелдері, бауырлары, балалары, бәсекелестері, достары, жорықтары, т.б. бәрі-бәрі болады," - дейді. 

А. Оралқызы