"Букер" премиясын алғандар қатарынан үздігі анықталады

"Букер" премиясын алғандар қатарынан үздігі анықталады
Фото: vk.com

"Букер" премиясының әділқазы алқасы "Алтын Букер" премиясына таласатын 5 кітап тізімін жариялады.

Жалпы, "Алтын Букер" (The Golden Man Booker Prize) – "Букер" премиясын алғандар қатарынан үздігін анықтауды көздейдін байқау. Оның 50 жыл тарихындағы ең үздігі ресми сайтта хабарланатын болады. Шорт-лист тізіміне енген кітаптар төменде көрсетілген:

"Еркін мемлекетте", Видьядхар Сураджпрасад Найпол (V. S. Naipaul, In a Free State)

"Ай жолбарысы", Пенелопа Лайвли (Penelope Lively, Moon Tiger)

"Ағылшын пациент", Майкл Ондатже (Michael Ondaatje, The English Patient)

"Бөрілер сарайы", Хилари Мэнтел (Hilary Mantel, Wolf Hall)

"Линкольн Бардода", Джордж Сондерс (George Saunders, Lincoln in the Bardo).

Букер премиясы (The Man Booker Prize) – әдебиет саласындағы аса беделді марапаттардың бірегейі. Ұлыбританияда 1969 жылдан бері табысталып келеді.

А. Оралқызы