Пулитцер премиясының лауреаты Филип Рот өмірден өтті

Пулитцер премиясының лауреаты Филип Рот өмірден өтті
Фото: vk.com

Жазушы Филип Рот 86 жасына қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады. Ақпаратты жазушының жақын құрбысы Джудит Турман жариялаған.

Филип Рот "Америкалық пастораль" аталатын көркем туындысы арқылы атақты болды. Осы романы үшін 1998 жылы Пулитцер премиясын алған болатын.

2005 жылы Рот кітаптары Америка Кітапханасына қойылды. Бұрынсоңды көзі тірісінде осындай құрметке ие болған тек екі жазушы болған екен. Ал, 2011 жылы көркем әдебиеттегі жетістіктері үшін Букер премиясын алды.  

Оның ең танымал туындылары "Тігіншімен болған оқиға" және "Америкаға қарсы қастандық" деп аталады. Автордың өзінің көңілі толатын туындысы "Шаббат театры" болатын. 

А. Оралқызы