Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Зейнеткер жасындағы жазушыларға көмек

Зейнеткер жасындағы жазушыларға көмек

Зейнеткер жасындағы жазушыларға көмек

"13 сәуір күні Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы арасында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті", – деп хабарлайды ult.kz ақпараттық сайты.

Құжатқа Кәсіподақ федерациясы атынан Төраға Бақытжан Әбдірайым және Қазақстан Жазушылар одағы атынан Төраға Ұлықбек Есдәулет қол қойды.

Кәсіподақтардың еліміздегі еңбеккерлердің құқығын, тәуелсіздігі мен заңды мүдделерін қорғау, құқықтық мәдениет құру бағдары Елбасының «Қазақстан – 2050», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаларында қойған міндеттерімен үндес болып келеді.

Меморандум аясында Қазақстан Жазушылар одағында салалық кәсіподақ құру қарастырылған.

Меморандум шығармашылық адамдарының әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін дамытуды, өзара байланыс пен құрылымды әріптестікті қамтамасыз етуді көздейді.

Екі жақты келісілген бағдарламалардан, жобалардан тыс Кәсіподақтар федерациясы тарапынан зейнеткер жасына жеткен Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері үшін кәсіподақ шипажайларына жеңілдік әдісімен жолдама бөлу мәселесі қаралды.

Бұдан кейін зейнеткер жасына жеткен Одақ мүшелері шипажайларда жеңілдікпен ем қабылдап, көкейде жүрген шығармаларын жаза алуға мүмкіндік алады.

Қазақстан Жазушылар одағының негізгі міндеті қашаннан ел әдебиетін жасайтын қаламгерлерге жағдай жасау, үнемі қамқор бола білу. Осындай абыройлы міндеттің бір парасы меморандумның аясында жасалмақ.

Бұрын ақын-жазушыларға жасалған жағдай туралы, әртүрлі шипажайларда, шығармашылық үйлерінде жазылған туындылар жайлы көп еститінбіз. Енді міне, Тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің майталмандары – осы заманғы қаламгерлердің еркін шығармашылықпен айналысуына жағдай жасалып жатыр.

Қазақстан Жазушылар одағы алдағы күндері де қаламгерлердің еркін шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау жолында қыруар жұмыс атқарады.

Рейтинг: +0

Қосылған күні: 16 сәуір, 11:42
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.