Ұлылар өмірінен қызықты деректер #2

Ұлылар өмірінен қызықты деректер #2
Фото: vkarpinsk.info

Қазақта «Ұлылармен пікірлес бол, үйіне барма» деген сөз бар. Расында да атақты адамдардың мінез-құлқы «біртүрлі» басқаларға ұқсамайтын болып келеді. Тіпті, тарихта екі төсек салдырып түннің жарымына дейін бірінде, сосын аунап түсіп таң атқанша екіншісінде ұйықтайтын жазушы кездеседі. Ұлылардың мінездеріне кейде сүйсінесің, кейде жерінесің, ал кейде күлкің келеді. Бүгінгі жазбада атақты адамдардың өмірінен сыр шертеміз.

Уильям Шекспир 23 сәуірде туып, 23 сәуірде қайтыс болған. Оның Гамлет атты ұлы болған.

Маурицио Отелло деген адам Шекспир заманында расымен де Италияда жасаған. Бірақ, ол ақ тәнді, теңіз капитаны болған.

Шекспир шығармалары көне ағылшын тілінде жазылған. Шығармада қарғыс пен боқтық сөздер көп болғаны себепті сол кездегі зиялы қауым отбасында оның шығармаларын оқу мәдениетсіздік болып есептелген.

Даниэль Дефо – “Робинзон Крузо” шығармасынан бөлек, 300-ге тарта шығарма жазған. Ол ағылшын ұлттық барлауының негізін салушы.

Иоганн Вольфганг Гёте түтінді мүлде жақтырмаған. Тіпті, үйді түтетіп жіберген аспазды да жұмыстан босатып жіберген екен. Бірақ, кекшіл аспаз кетерінде бөлмелерге темекі шегіп, өш алып кеткен.

Александр Пушкин моншада тапанша атуды жақсы көрген. Ол атқан қабырғадағы тесіктер Михайловское аулында әлі де сақталған.

Пушкин әжесінің үйіне қонаққа келіп, 5 минут отырған орындық та бүгінгі күнде мұражайда сақтаулы.

Оноре де Бальзак күн сайын жазудан бұрын 7-8 шыныаяқ кофе ішкен. Ол өмірінің ақырына дейін шамамен 50 мың шыныаяқ кофе ішкен екен.

Өз романындағы бір кейіпкер қайтыс болғанда Бальзак инфаркт алған екен.

Александр Дюма өзі жазған кейіпкерлерін тірі, өмірде бар деп есептеген. Дюма олармен сөйлескен, сырласқан екен.

Николай Гогольдің аспаздық өнері болған екен. Римде тұрған кезінде аспаздардан астың түрлі қыр-сырын үйреніп алып, макарондан түрлі тамақтар дайындап, достарын қонаққа шақыратын болған.

Иван Сергеевич Тургенев өлімінен соң мамандар оның миын тексерген. Жазушының миы 2,5 килограмм тартқан. Ал, қарапайым адамдардың миы 1,5 килограмм ғана болады екен.

Федор Достоевскийдің мінез-құлқы өте өзгеше болған. Ол ұйқышыл адам болып, ел жатқанда шығармашылықпен айналысатын. Өте сезімтал Достоевский көз жасына ие бола алмайтын, көп жылайтын адам болған екен.

Марк Твен (Сэмюел Клеменс) кереуетте жатып алып жазғанды жақсы көрген. Ол теңізші болғасын, “mark twain” – тереңдіктің өлшеу бірлігін өзіне бүркеншік ат етіп алған.

Артур Конан Дойлдың атақты кейіпкері Шерлок Холмстың прототипі жазушының өзі болған. Себебі, жазушы өз кейіпкеріндей өте ақылды, тапқыр, қырағы болған. Көптеген зиялы қауым мен үкімет адамдары оның көмегіне жүгініп отырған екен.

Джек Лондон жазуды жек көретінін үнемі айтып жүрген, жастық шағында теңіз қарақшыларына қосылып, “Беринг бұғазы”, “Аляска”, “Тынық мұхиты” мен Жапония жағалауына саяхаттап қайтқан. Келгенен соң жазған әсерлері Сан-Францискода ұйымдастырылған очерктер бәйгесінде жеңімпаз атанған.

Бернард Шоу – “Оскар” һәм “Нобель” сыйлықтарының иегері атанған жалғыз қаламгер.

Т. Раушанұлы