Джон Толкиннің жаңа кітабы жарыққа шығады

Джон Толкиннің жаңа кітабы жарыққа шығады
Фото: vk.com

Жазушы Джон Толкиннің 93 жасар ұлы Кристофер Толкин әкесінің "Гондолиннің құлауы" атты туындысын редакциялап шыққан. "Жүзік әміршісі" ("Властелина колец") романы арқылы барша әлем таныған автордың кезекті кітабы алдағы тамызда шығады.

Гондолин эльфтер қаласының қалай құлағаны туралы Толкин 1916 жылы жазып бастаған. Ол кезде жазушы Соммада болған шайқаста жарақат алып, госпитальге жеткізілген екен. Осы туындысы туралы ол "Мен ойлап тапқан ғажайып әлемдегі жалғыз ақиқат оқиға" деген екен.

"Гондолиннің құлауы" романындағы оқиға желісі хоббиттер саяхатынан көп ерте басталады. Эльфтер қаласына Саурон әміршісі жауыз Моргот шабуыл жасап, теңіз Тәңірі Ульмомен шайқасады. Автордың шығармашылығына қызығатын оқырман әңгіме не туралы екенін жақсы түсінері анық. Ал, Толкин есімі тансық адамдарға оның осы кітабынан бастап оқысаңыз, қиял ғажайып әлемнің нақ бастауынан бір шығатыныңызды сеніммен айта аламыз.

Соңғы рет Джон Толкин "Берен мен Лютиен туралы повесть" атымен шыққан кітабын да баласы редакциялаған болатын. Ол 2017 жылы жарық көрді.

А. Оралқызы