Жас жазушыларға кеңес: Өзіңді данышпан болғанша қамшыла

Жас жазушыларға кеңес: Өзіңді данышпан болғанша қамшыла
Фото: vk.com

Белгілі кинорежиссер, актер әрі жазушы Василий Макарович Шукшиннің жас жазушыларға берген кеңестерімен бөліскіміз келеді. Қабыл ал, данышпан!

•  Жасқа жас қосылған сайын үнемі ой үстінде жүретін адамның қаншалықты күшті екенін ұғына түсесің. Оның жолында бәрі құрбан болады: жастық та, сүйкімділік те, құмарлық та. Бәрі қартаяды, бәрі өледі. Тек ой ғана  жойылмақ емес. Сол ойға көміп жүретін адамнан асқан сұлулық жоқ.

•  Кез-келген нағыз жазушы, әрине, психолог секілді. Бірақ, ең алдымен, оның өзі ауру.

•  Өзіне деген сыни көзқарас адамды ақылды ете түседі. Өнерде де, әдебиет те солай. Өз еншіңді толық ұққанда ғана нәтиже болмақ.  

•  Ақиқат көп сөзді қажет етпейді. Ал, өтірік керісінше. 

•  Жиырма кітап жазғым келеді. Ақымақ-ау! Бесеу жетеді. Тек мықты болсын.

•  Жазылмай жатырған кезде мен үнемі бөлме ішінде әрлі-бері жүруді әдетке айналдырғанмын. Әсіресе, қонақүйде тоқтағанда.

• Жазушыны мақтағысы келгендер: Бұл өмірді біледі- деседі. Құдай-ау, өмірді кім білмейді?! Оқырманның жазушыларды жақсы, нашар деп ажыратуының өзі олардың өмірді білуінен емес пе?!

• Мен өз жазғанымның қай уақытта сапалы шығатынын жақсы білемін. Ондай сәттер құдды қағаздан қалам арқылы тірі адамдар алып шыққандай күй кешем.

А. Оралқызы