Нобель сыйлығының иегері Боб Диланның оқшау ойлары

Нобель сыйлығының иегері Боб Диланның оқшау ойлары
Фото: vk.com

Ерекше поэтикалық тілімен қоса, өзіндік философияға қанық  әндері үшін биыл әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Боб Диланға берілгені баршаға мәлім. Ерекше жағдай. Күрделі шешім. Америкалық автор, орындаушы, ақын, суретші, киноактер Боб Диланның әлем әдебиетіндегі үлесіне күмән келтіретіндер де бар. Ал, әлемдік музыканы тыңдауға әуес, әсіресе, рок бағытын жаны сүйетіндер бұл пікірге қарсы болары анық. Өйткені, жарты ғасыр бойы барша белгілі рок-топтардың ең танымал әндерін осы Боб Дилан жазып келеді.

Кім қалай сөксе де, Дилан шығармашылығының айрықша әсер беретініне күмән жоқ. Бұл ерекшеліктің себебі танымал тұлғаның ерекше ойларынан туындаса керек. Ендеше, назар аударыңыз.

***

Мен өзімді ақын деп санаған емеспін, маған ақын деген сөздің өзі мүлдем ұнамайды.

***

Барлығы: "Дилан ешкіммен сөйлеспейді",– дейді. Бұл не деген сандырақ. Менің қоғам алдында жиі пайда болуымның бұған еш қатысы жоқ. 

***

Танымал болудың жүгі өте ауыр. Иса пайғамбар тым танымал болғаны үшін де оны ағашқа керіп тастады емес пе!? Мен сондықтан да саяқ жүргенді жөн деп білемін. Мен ешқашан құтқарушы немесе пайғамбар болуды қалаған емеспін. Элвис болуды армандаған болуым әбден мүмкін. Сол үшін де мен өзімді оның орнына оп-оңай қоя алатынмын. Ал пайғамбарға өзімді ешқашан ұқсатқан емеспін. 

***

Мен Элвисті алғаш тыңдағанымда, біреуге жұмыс істеудің және ешкімнің мені басқаруы қажетсіз екенін ұғындым да, тар-қапастан босап шыққандай әсерде болдым.

***

Мен әлі жас бала болмасам да, таң ата ұйқымнан ояна салысымен, бар күшімді сезімге жеңідіріп «Тамаша, мен әлі-ақ, көп өтпей Элвисті көретін боламын» деп армандаймын. 

***

Бір кездері маған Гитлердің қашан өзін-өзі өлтіргені туралы сұрақ қойды. Мен тіпті өзімнің бала кезімді де ұмытып қалған адаммын. 

***

Менің өскен ортам Хиббингте (Миннестон штатына қарасты қала) еврей діндарлары болған емес. Олар, 13 жасқа толғанымда еврей дәстүріне сай рәсімді орындауға, Хиббингке жылға жуық уақытқа қыстың орта кезінде ақ сақалды, қар киімді, Бурклин шал әйелі екеуі автобуспен келіп түскен болатын. Олардың орналасқан жері қаланың басты ойын-сауық орталығы болған, нақытырақ айтсақ менің үздіксіз бар уақытымды сонда болуға жұмсаған Рок-н-роллдық кафе болатын. Сондықтан да әр кездегі дәстүлі сабақты орындауға белгіленген уақытта астыға түсіп бара жатып, басым ессіздікке сүңгіп бара жатқандай сезімде болатын. 

***

Мен Минесстондағы тыныш ортада өмір сүрдім. Өзім жалған сөйлемейтін адаммын, Шындығын айтар болсам менің ол жерді тастап кетіп қалуымның басты себебі әлемді аралап көру немесе оны жаулап алу емес. Тыңдаңыздар, мен жай ғана ол жерден кетіп қалып, оны орындаған соң ешқашан оралмауды ғана көздедім. 

***

Әкем артына аз ғана дүние қалдырды тіпті ештеңе қалдырмады деуге де болады. Білсеңіздер ол өте қарапайым адам болатын. Маған тек оның сөздері ғана қалды. Бір кездері ол маған «Балам, сен білесің бе? Мына өмірде бәрі де, тіпті ата-анаңның өзі сеннен теріс айналатындай өзіңді оңай былғап алуға болады. Сондықтан да есіңде болсын: егер басыңа осындай іс түсетін болса, бастысы сенім мүмкіндігіне ие болсаң бәрін де құдайдың өзі саған шешіп береді» деген болатын. 

***

Мен сенімнен тым алыстап кеттім. Өйткені сенімнің өзі өзіңді әрқашан кінәлі сезінуге мәжбүрлейді. 

***

Адамдар өздерінің сенімдерін сирек қолданады. Олар жасайтынын қажет кезде жасап алады да, кейін сол ісіне жата кеп өкінеді. 

***

Егер сен кімге сену керек екенін іздеп тапқың келсе, онда өзіңді-өзің алдай беруді доғарғаның дұрыс. 

А. Оралқызы