Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Алматыда халықаралық әдеби биеннале өтеді

Алматыда халықаралық әдеби биеннале өтеді

Алматыда халықаралық әдеби биеннале өтеді

12-14 маусым күндері Алматы қаласы Абай даңғылы, 14 мекенжайнда  “Қоғамның рухани көкжиегіне жазушылардың ықпалы. Әлемнің тұрақты дамуы” атты халықаралық әдеби биеннале өтеді.

Шараны ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Премьер-Министрдің кеңсесі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) аймақтық өкілдігі, «Ақ Орда» Республикалық қозғалысының Құрметті төрағасы Қайрат Сатыбалдыұлының қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырып отыр.

Биенналеге әдебиет бойынша Нобель және басқа да сыйлықтардың лауреаттары, белгілі жазушылар, әлемдік ғылым және мәдениет қайраткерлері қатысады.

Халықаралық әдеби Биеннале «ЭКСПО-2017»  көрмесіне  арналған мәдени іс-шаралар циклы аясында өткізіледі.

Мақсаты – бүгінде тек экономикалық өзара әрекеттестікті нығайту ғана өзекті емес екендігін, сонымен қатар әдебиетшілердің шығармашылық әлеуетін пайдалана отырып, қоғамның рухани кеңістігін әрі қарай кеңейтуге үлес қосу керектігін көрсету.

Биеннале әлемдік мәдениеттердің көптүрлілігіне құрметтілік  және түрлі елдер авторларының тең құқықты тілдесуі басты қағида болып табылатын халықаралық әдебиет алмасу үшін тұғырнама ретінде шығады. Биеннале Қазақстанды бір-бірімен тату өмір сүре алатын және достық пен рухани жақындасу қатынастарына ұласатын  сындарлы байланыстарды орната алатын  түрлі  ұлттық  мәдениеті мен  менталитеті бар  халықтар тұратын  қоғам  үлгісі ретінде көрсетеді.

Биенналеге әлемнің 20-дан астам елінен ғылым және мәдениет қайраткерлері, әдебиет бойынша Нобель және басқа да сыйлықтардың лауреаттары, белгілі жазушылар, барлығы 100 қатысушы, оның ішінде 40-тан астам шетел қонақтары қатысады.

Биеннале бірнеше бағдарламаны қамтитын болады. Олар: «Орталық Азия - Араб әлемі: тарих пен мәдениеттің өзара ықпалдастығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы,  Библио-түн, «Қоғамның рухани жаңғыруындағы кітапханалардың рөлі» дөңгелек үстел, «Ұлттық авторларды ағылшын тіліне аудару» дөңгелек үстел, «Маған кітап оқып берші» халықаралық акциясының басталуы, бейресми әңгімелесу, кітап-экспозициялық және фотокөрмелер, арнайы экскурсиялық бағдарламалар әлемге танымал жазушылармен кездесулер. 

Биеннале қорытындысы бойынша, Әлем мәдениеті қайраткерлеріне Үндеу жасалынатын болады.

168 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 19 мамыр, 17:23
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...