Гоголь атындағы халықаралық «Триумф» әдебиет сыйлығының биылғы лауреаттары белгілі болды

Гоголь атындағы халықаралық «Триумф» әдебиет сыйлығының биылғы лауреаттары  белгілі болды
Фото: vk.com

Бұл құрмет марапаты алғаш рет 1998 жылы Чернигов медиа-клубы мен Украинаның ұлттық жазушылар одағы және басқа да халықаралық қоғамдық ұйымдардың бірлесуімен ұйымдастырылған.

2014 жылы 1 қарашадан бері шараны Украинаның Халықаралық әдебиет және өнер академиясы ұйымдастырып келеді. Аталмыш академия құрамына әлемнің 53 елінің танымал журналистері, ғалымдары, аудармашылары мен жазушылары кіреді.
Шешімді Н.В.Гоголь атындағы халықаралық «Триумф» әдебиет сыйлығының табыстауға құрылған арнайы комитет қабылдайды. 

Осыған дейін мұндай құрметке  ие болған азаматтар қатарында Украина, Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Канада, Бразилия, Австралия, Бельгия, Швеция, Ресей, Грекия, Сербия, Болгария, Румыния, Словакия, Польша, Израиль, Албания, Македония, Иран, Латвия, Литва, Грузия, Армения, Беларусь, Молдова, Түркменстан, Черногория, Косово, Индия, Бангладеш, Боливия сынды елдердің танымал әдебиет және өнер өкілдері бар.

2017 жылы Украина мен одан басқа да елдерден шамамен 450-дей ұсыныс түсті. Солардың ішінде өз отандастарымыз да  лауреат атанды: 

– Қазақ ғалымы, философия және саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан өнер академиясының академигі, Украин ұлттық жазушылар одағының және халықаралық ПЕН-клуб мүшесі Рүстем Жанқожа (Киев қаласы) – украин ұлттық және жазба мәдениетін дәріптеуде қосқан ғылыми еңбегі үшін; 

Шығармашылығы үшін және жоғары көркем әдебиет, мәдениет пен жалпы адами құндылықтарды насихаттағаны үшін марапатқа ұсынылған шетелдік  жазушылар, ғалымдар, аудармашылар: 
– Үнді жазушылар ассоциациясының бас хатшысы, ақын Ашис Санйал (Үндістан, Бангладеш) – бенгаль тіліндегі көркем шығармашылығы мен көрнекті қоғамдық қызметі үшін және Үндістан мен Бангладеште украин әдебиетін дәріптегені үшін; 
– Поляк прозашысы, драматург, эссеист, суретші Славомир Мрожек (өмірден өткен) (Франция) – әлем әдебиетіне қосқан еңбегі үшін; 
– Жазушы, ғалым, академик, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Ғалымқайыр Мұтанов (Қазақстан) – көрнекті ғылыми қызметі мен рухани биік ақындық мұрасы үшін; 
– Жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері, Ұлыбританиядағы Абай үйінің, Халықаралық Абай клубының, «Аманат» журналының негізін қалаушы Роллан Сейсенбаев (Қазақстан) – «Мёртвые бродят в песках» романы үшін;
– Жазушы, аудармашы Олег Гончаренко (Мелитополь,Запорож облысы) – Роллан Сейсенбаевтың (Қазақстан) «День, когда рухнул мир» повестін украин тіліне аударғаны үшін.

Сергей Дзюба, 
Қазылар алқасының төрағасы,
Украина әдебиет және өнер халықаралық
академиясының президенті 

А. Оралқызы