Ең, ең, ең...

Ең, ең, ең...

- Тек салмағы немесе көлемі жа­ғынан емес, томы мен таралы­мының көптігі жағынан таңғал­дырған кітаптар да бар. Мысалға, 1968-1972 жылдар аралығында жарық көрген Британия Пар­ламенті құжаттарының жинағы 1112 томды құраған. Оның толық жинағының салмағы 3,3 тоннадан асып жығылады, егер барлығын оқып шыққыңыз келсе, 6 жы­лыңызды сарп етуіңіз керек...
- Дүниежүзінде ең көп та­ралыммен шыққан Агата Крис­тидің романдары. Оның 78 кітабы әлем бойынша 44 тілге аударыл­ды, жалпы таралымы 2 миллиард­қа жуық. 
- Әлемде аукцион арқылы миллиондаған долларға сатылған кітаптар да бар. Мәселен, 1994 жылы «Собтис» аукционында Леонардо да Винчидің «Лейчес­тер Кодексі» атты қолжазбасы 30,8 мил­лион долларға өткен. Оны әлем­дегі ең бай адамдардың бірі Билл Гейтс сатып алған...
- Ең үлкен сөздік пен энци­клопедия жағынан 1854 жылдан бастан жарық көрген «Неміс сөздігі» мен 1935 жылдан басы­латын «Әмбебап еуро-америкалық суретті энциклопедиясының» алдын орайтын басылым шыққан жоқ. Якоб пен Вильгельм Гримм­дер бастаған сөздік 1971 жылы аяқталып, 33 томды құ­рапты. Бұл ең ұзақ басылған ба­сылым ретінде де тарихта қалатын шығар. Ал энциклопедия жыл сайын толық­тырып оты­ры­лады, оның томдары бүгінде 100-ден асып кеткен. 

А. Оралқызы