2131 кітаптан тұратын ең үлкен тізбек (видео)

2131 кітаптан тұратын ең үлкен тізбек (видео)
Фото: okna-v-dom.livejournal.com

Сиэтл көпшілік кітапханасы оқырманның кітапқа қызығушылығын ояту мақсатында кітаптардан әлемдегі ең ұзын домино құрастыру арқылы жаңа әлемдік рекорд орнатты. 2131 кітаптан тұратын ең үлкен тізбе құрастыруға 27 ерікті қатысты.

Еріктілер осынша үлкен кезек құрастыру үшін бес рет сәтсіз болған әрекеттен соң, ақырында 7 сағат қажырлы жұмыстың арқасында ойлағандарын іске асырды. Құлап бара жатқан кітаптардан құралған тізбек керемет көрінеді.

Кітапхана қызметкерлері: "Видеоны түсіру кезінде ешбір кітапқа зиян келмеді",– дейді. Бұл басылымдардың барлығы әлдеқашан ескірген және қазіргі уақытта сатылымға шығарылған. Түскен қаражат кітапхана қажеттіліктеріне және қызмет түрлеріне жұмсалады.

Қарағанда көз ала алмайтын көрініс деуге әбден болады.

Ж. Жұмағұлов