"Әдебиет" бөлімі ашылды

"Әдебиет" бөлімі ашылды

Құрметті оқырман! Әдебиет - сөз биігі. Массагет ұжымы "Әдебиет" бөлімін ашып отыр. Бұл бөлімде әдебиетке қатысты барлық дүниелер қамтылады. Соның ішінде қазіргі кездегі сын, проза, поэзия жанрларындағы жаңалықтар, жетіп жатқан жетістіктер сөз етіледі. Жас жазушылар мен жас ақындардың шығармашылығымен танысып, баға бере аласыздар. Әдебиеттегі сиясы кеппеген жаңа туындылармен дер кезінде танысасыздар. Жалпы классикалық шығармаларды оқи аласыздар.

Ендігі көмек тек сіздерден. Жиі кіріп, белсене ат салыса отырыңыздар. Жақсы өлеңдеріңіз бен әдемі жазылған әңгімелеріңіз болса, massaget.kz@gmail.com поштасына жібере аласыздар. Болашақ бүгіннің ісі! 

Сурет: admigrim.ru

Л. Лига