Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Қазақтың сөз теңізі: Ұзындық пен қалыңдық өлшемдері

Қазақтың сөз теңізі: Ұзындық пен қалыңдық өлшемдері

Қазақтың сөз теңізі: Ұзындық пен қалыңдық өлшемдері

"Қазақтың сөз теңізі" атты топтамада осыған дейін жел атаулары, жан күйін бейнелейтін сөздер, жүйрік ат атауларымен танысқан болатынсыздар. Сол тақырыптың жалғасы ретінде бүгінде назарларыңызға ұзындық пен қалыңдық өлшемдерін жан-жақты талқылауды ұсынғалы отырмыз.

Саусақпен өлшенетін ұзындық өлшемдері:

  1. Елі - саусақтың ені не көлденең қалыңдығы.
  2. Сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақ аралығы.
  3. Сынық сүйем - сұқ саусақтың буыны бүгілгендегі өлшем. Сүйемнің 3/4 бөлігі.
  4. Қарыс сүйем - бас бармақ пен ортан саусақтың арасы.
  5. Сере - сұқ саусақ пен шынашақтың созылғандағы арасы. Бір сүйемге тең.
  6. Қарыс - бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.
  7. Кере қарыс - бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы аралық мөлшері. Жырта қарыс деп те атайды.

 

Қолмен өлшенетін ұзындық өлшемдері

  1. Білем - саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығы.
  2. Шынтақ - қолдың басы мен шынтақ аралығы.
  3. Қолтық - қолдың басы мен қолтықтың аралығы. Кез деп те атайды.
  4. Құлаш - иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы.

 

Аяқпен өлшенетін ұзындық өлшемдері

  1. Табан - аяқтың өкшесі мен башпайдың аралығы.
  2. Адым (қадам) - жүру кезіндегі екі аяқтың аралық қашықтығы.
  3. Аттам - екі аяқты кере созғандағы қашықтық.

 

Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдері

  1. Шымшым - бас бармақ пен сұқ саусақпен қысып алынған өлшем.
  2. Шөкім - үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.
  3. Бір уыс - саусақтарды жұмдастыра бүккендегі өлшем.
  4. Қос уыс - екі қолдың саусақтарын бірге жұмдастырғандағы өлшем.

 

Дайындаған: Сания Аринова

3009 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 09 сәуір 2013, 02:40
Пікірлер
+0
09 сәуір 2013, 10:45

жақсы ақпараттар екен, рахмет!

+0
09 сәуір 2013, 13:17

мен ажырата алмаушы ем жақсы болды ғо

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...