Ғалымдар адамның түсін көре алатын болды

Ғалымдар адамның түсін көре алатын болды

Жапон ғалымдары томография көмегімен және компьютерлік зерттеу арқылы адамның түс көрген кезде не көретінін, көз алдында қандай көріністер болатынын анықтапты.

Science Express журналында ғалымдардың түс әлеміне енуі туралы жазылыпты. Нейрофизиологтар адамның ұйқы кезінде көз қимылдарын бақылау арқылы дәл осындай сенсациялық тұжырым жасап отыр. Сонымен қатар, ғалымдар адамның көрген түсін не себепті ұмытып қалатынын да анықтауға күш жұмсаған.

Жапонияның Нара қаласында ғылым және технология институтында жұмыс жасайтын Томоясу Хорикава есімді ғалым мен оның әріптестері түс көрген кезде көрінетін визуалды образдар мен ұйқыдағы адам миының магниттік-резонанстық томогорафия қызметі арқылы анықтаған екен. Зерттеуге қатысқан 3 адамның көз қимылы белсенді күйге түскен кезде оларды оятып не көргендерін сұраған.

Қатысушылар айтып берген сөздерді олардың ми қызметінің қаншалықты жылдам жұмыс істеуімен салыстыратын томографиялық аппаратқа салған. Осы арқылы ғалымдар адамның қандай түс көргенін 70 пайызға дейін дұрыс анықтауға болатынын дәлелдеген.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: liveinternet.ru

А. Құлтай