Жаңа қолғап арқылы хабарламаны ауада да жазуға болады

Жаңа қолғап арқылы хабарламаны ауада да жазуға болады

Әдетте кішкене экранды смартфонға хабарлама жазу қолайсыздық туғызатыны белгілі. Бірақ жақында бұл мәселенің шешімін Карлсруэ Технологиялық институтының мамандары шешті. Олар мәтіндік хабарлама жазуды біршама жеңілдететін қолғап жасап шықты. Қолғап қозғалыс датчигімен, акселерометрмен және гироскоппен жабдықталған. 

Хабарлама пайда болу үшін ауада әріптерді терсеңіз болғаны. Air Writing атты жүйе қолдың қимылын жіті бақылап, оны смартфон бетінде әріпке айналдырады. Қазіргі кезде жүйенің сөздік қоры 8 мың сөзді құрайды. Алайда қолғап әріптерді дұрыс жазуы және оны тануы үшін ғалымдарға оны әлі біршама жетілдіру қажет болып тұр. Қазір қателердің пайызы 11% құрайды. 


 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет