Марко Полоның шыққан тегі...

Марко Полоның шыққан тегі...

...Хорватиядан. Марко Поло (ағылшын тілінде «Марк балапан») - тумысынан Марко Пилич. 1254 жылы Далмациядағы (Венецияның протектораты болған) Корсул аралында дүниеге келген.

Шамасы, біз осылай ешқашан шындықты білмей өтерміз: он жеті жастағы өрімдей баланың негациант-ағаларын ертіп, Алыс Шығысқа жол бастаушы болып баруы мүмкін бе? Әлде, Ұлы Жібек жолының бойымен өтетін саудегерлердің әңгімесінен  жазып алған ба? Оның алғашқы саяхаттарына көбісі күмәнмен қарады. Мәселен, Питер Джексон Моңғолияның қайырымсыз халық екенін алға қоя отырып, кезбе саяхатшыны аман қоя бергеніне қайран қылады. Ал өз кезегінде 1995 жылы Ұлыбритания Мұражайының кураторы, тамаша кітап басып шығарған Франсис Вудт әңгімені арыдан өрбітеді. Онда Марко Полоның Қытайға барғаны туралы, қызықты деректер жинағаны турасында қарсы пікірлер ұсынған. Оның айтуынша, Марко Кіші Азиядан әрі асып бара алмаған. Персия саудагерлерінің еңбегін пайдасына асырды-мыс. Мәселен, ол өз естеліктерінің біреуінде, 1273 жылы Қытайдағы Саньян қаласын қоршауда моңғолдарға қол ұшын бердім деп жазады. Тек, бұл оқиға өзі Қытайға бармастан 2 жыл бұрын болған еді... Бір ғана ақиқат: Марконың осы бір атақты естелік кітабы белгілі бір деңгейде  Рустичелло да Пизаның туындысы болып саналады. Махаббат туралы роман жазатын Рустичелло екеуі бір абақтыда отырған. Ел аузында Марко айтып тұрған, Рустичело жазып отырған деседі. Бірақ, Рустичело Марконың тілін білмеген. Онда, қалайша!

Кім жазса да осы шығарма бүкіл әлемге танылып кете барды. Батыс Еуропаның талай адамының көз алмай оқитын туындысына айналды. Және бір қызығы, балмұздақ жайлы алғашқы жазулар осынау естелік кітабынан табылған. Ендеше, Еуропаға балмұздақты әкелген Морко Поло болып шығады.

Форумда талқылау

Сурет xn--80aqafcrtq.cc сайтынан алынған

Л. Лига