Танымал брендтерді атаудағы 10 қателік

Танымал брендтерді атаудағы 10 қателік

Ксерокс емес, зирокс. Самсунг емес, самсон. Біз тағы қандай брендтерді атауда қателіктер жіберіп жүр екенбіз? Саралап көрейік.

1. Nike - Найки. Брендтің атауы жеңіс әйел құдайы Никиден шыққан және түпнұсқада "Найки" деп айтылады. АҚШ-та дәл осылай айтады. Алайда осы фактілерден бейхабар болғандықтан, және "nike" ағылшын сөзінің оқылу ережесіне байланысты Еуропа елдерінде "Найк" деп қате айтылу тарап кетті. Бұл қате атау сіңіп кеткені сонша тіпті ресми хаттарда да дәл осылай қолданылып жүр.

2. Lamborghini - Ламборгини. Қымбат спорттық автомобильдер шығаратын итальяндық өндіріс компаниясы "Ламборгини" деп аталады. Итальян тілінің ережесі бойынша егер "g" әрпінен кейін "h" тұрса, ол "Г" болып оқылады. Алайда бізде "Ламборджини" деген қате атау тарап кеткені сонша, тіпті Google іздеу жүйесі автоматты түрде дәл осы атауды бірінші ұсынады. Алайда итальяндық біреуге Lamborghini сөзін үйреншікті атасақ, олар түсінбестікпен қарауы әбден мүмкін.

3. Hyundai - Хенде. Корей тілінен аударғанда "Hyundai" - "қазіргі заман" дегенді білдіреді. Бұл сөзді орысша дұрыс транслитерациялағанда - "хёндэ" болады. Және екпін соңғы буынға түседі. Жарнамаларда көбіне ағылшынша жазылуын алдыға салып, сыпайы түрде атамай өтуге тырысады.  Алайда компанияның орысша ресми сайтында "Хендэ" жазылуы пайдаланылған. Ал халық арасында бұл корей өндіріс компаниясы "Хёндай", "Хюндай", тіпті "Хундай" деген аттарға ие болған.

4. Porsche - Порше. Компанияның негізін қалаған Фердинанд Поршенің есімімен аталған "Порше" сөзі алғашқы буынға екпін қою арқылы айтылады. Ал біздер көбіне екпінді буынды шатастырамыз, және Cayenne (Порше Кайенн) сөзіндегі "e" неге оқылмайды деп таңданамыз.

5. BMW - Бэ-Эм-Вэ. Барлық нәрсені дұрыс атау мен дұрыс жазу үшін күресетін кейбір білгіштер "Би-Эм-Дабл-Ю" деп айту керек дейді. Керек емес, өйткені "Бэ-Эм-Вэ" – BMW автокөліктерінің дұрыс атауы. Негізінде бұл атау Bayerische Motoren Werke сөзінің аббервиатурасы. Неміс тілінде брендеймге кірген әріптер дәл солай аталады, және W - бұл "Вэ".

6. Moët & Chandon - Моет э Шадон. Әлемге танымал шарап шығаратын марканың атауында Moёt  сөзіндегі "т" әрпі түсіп қалмайды, керісінше Chandon сөзіндегі "н" түсіп қалады. Ал "энд" жалғаулығы французша "э" болып оқылады.

7. Levi's - Левис. Ел арасында Левис деп те, Левайз деп те таралып кеткен бұл марканы дұрыс атау жайлы даулар көп.  Ағылшын тілінің емлесі бойынша Levi  есімі Ливайз болып оқылады. Алғашқы джинсаларды өмірге әкелген Леви Штраусс  неміс еврейі болған және туылған кезінде оған Loeb деген есім берілген. Бавариядан Сан-Францискоға 18 жасында көшіп келген оны Леви деп атап кеткен. Және бұдан "Левис" деп атау дұрысырақ.

8. XEROX - Зирокс. Таңғажайып, бірақ негізінде  "ксерокс" емес, "зирокс" екен. Америкада "X" әрпі сөздің басында келсе "З" болып оқылады. "Зена – жауынгер ханшайым" телехикаясы естеріңізде шығар, дәл сол есім "Xena" деп жазылады. Алайда біздер көшірме аппараты пайда бола бастағаннан оны ксерокс деп атап кеттік, және қазір "зирокс" десең ешкім ұқпайды.

9. Samsung  - Самсон. Samsung сөзін біздер "Самсунг" деп айтамыз, ал негізінде бастапқы буынға екпін түсіру арқылы "САмсон" деу дұрысырақ. Бұл сөздің аудармасы "үш жұлдыз" дегенді білдіреді.

10. Mitsubishi - Мицубиси. Жапондық автомобиль құрастыру компаниясының ТМД елдеріндегі өкілдері "Митсубиши" нұсқасын таңдаған. Жапон тілінде соңғы буындағы «sh» әрпі "с" мен "ш" әріптерінің ортасындағы дыбыс, бірақ "ш"-ға қарағанда, "с"-ға жақын, сондықтан жапон тілінің аудармашылары "Мицубиси" нұсқасын көп пайдаланады.

Суреттер: blognews.am

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina