Samsung пен Apple жарыса қол сағат-компьютер жасауда

Samsung пен Apple жарыса қол сағат-компьютер жасауда

Samsung компаниясы қол сағат компьютер жасаумен айналысып жатқанын Bloomberg агенттігі компанияның ұялы телефон бөлімшесінің атқарушы вице-президенті Ли Юн Хиге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, дәл осындай компьютерді смартфон мен планшет нарығында Samsung-тың басты бәсекелесі саналатын Apple компаниясы жасап жатқан көрінеді.

«Біз сағат форматындағы өнімді бұрыннан дайындап келеміз... Біз болашақты көздей отырып түрлі өнімдер жасаудамыз, ал сағат соның бірі», - дейді Ли Юн Хи. Samsung өкілі құрылғының қандай қызметтермен жабдықталатын және де сатылымға қашан шығатынын айтпады.

Осыдан бұрын Bloomberg Apple-дің сағат-компьютерлерді ағымдағы жылдың соңына дейін шығаруды жоспарлап отырғанын жазған болатын. Агенттіктің ақпаратына сенер болсақ, аталған жобаға қосылған 100 адамдық топқа Apple-дің бас дизайнері Джонатан Ив жетекшілік етуде.

Әрдайым денеде ұстап жүруге арналған бұл компьютерлер смартфон идеясының дамыған түрі болуы мүмкін.  Apple-ға де, Samsung-ке де, бәсекелестің жағдайын қиындату үшін бірінші болып нарықты жаулап алу қажет.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: prostomac.com 

Ж. FM