Ғылымның анықтамасы: душта келер керемет ойлар!

Ғылымның анықтамасы: душта келер керемет ойлар!

Кенеттен келетін керемет ойлар туралы ойланып көрдіңіз бе? Мәселен, душ қабылдау сәтінде...

Шығармашылық ойлау қиын да қызғылықты процесс болып көрінгенмен, шын мәнінде ақиқат өмірдің бірнеше факторына тікелей тәуелді. Адамның ақыл-ойының ерекше қабілетке ие болар тұсы:

  • Физикалық жаттығулар, жағымды ән мен жанға жайлы жып-жылы душ қабылдау сәтінде миға көп мөлшерде дофамин бөлінеді.
  • Көңіл-күй жайбарақат, күрделі еш нәрсені ойланбаған сәтте адам өз-өзін табуға мүмкіндік алып, ғайыптан тайып оқыс шешімдерді қабылдауы мүмкін. Кейде, тіпті, адамдардың ұйқылы-ояу сәтте "нұрға бөленіп" тұратын кездері кездеседі.
  • Бір нәрсеге көңіл бұзылып, абыржыған сәтте адам баласы тұрақты ойлау жүйесінен ауытқып, қиындықты шешу жолында асқан тапқырлықпен адым басатын болып шықты.

Дофаминнің көп бөлігі, жайбарақат күй-көңіл, алаңдаулы ақыл-ой! Ендеше, керемет ойлардың душта келіп жатуы бәлендей таңғаларлық жайт емес.

Ең бастысы, күшсіз келген ойды ізсіз жібермеу қажет-ақ.

сурет:followthecolours.com.br 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига