Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Үйсіздерге арналған үйшік

Үйсіздерге арналған үйшік

Үйсіздерге арналған үйшік

Америкалық өнертапқыш Пол Элкинс Жапониядағы үйсіздердің күйімен танысып, онымен қоймай Нью-Йорктың панасыздарын ойлап басы қатқан соң, оларға арнап аса қымбат емес, ыңғайлы үй жасауды ұйғарады.

Бұл үйшіктерде адам қыста да, жазда да өмір сүре алады. Ол үйдің қабырғасын арнайы coroplast деген материалдан жасауды ойлайды. Бұл шикізат пластиктен тұрады әрі оңай майысады, оны қойғанда пайдасы да орасан болып шықты: суды өткізбейді және жылу сақтайды.

Бұл үйшіктің кішкенелігіне қарамастан, мұнда 2 адам да мекендей алады. Сыртынан өте кішкентай болып көрінгенімен, іші еркін қимылдауға мүмкіндік береді.

Бұл үйдің құны бар болғаны 100 ғана доллар (15 000 теңге). Үйшікті өзіңіз-ақ бір күннің ішінде тұрғызып аласыз.

Өнертапқыштың сайтында үйдің қалай құрастырылуы керектігі жайлы суреттері мен ақпараты бар.

Бұл үйшікті жасаған адамның екі бірдей қасиетіне таңғалуға болады:

1. Америкалықтың үйсіздердің жағдайына алаңдап, олардың мәселесін шешіп беруге деген ниеті. Ол бұл ісі үшін ақша да, атақ та талап етпеген. Үйді құрастыру туралы ақыл-кеңестерін ұсынғаны да өзгелердің жағдайына алаңдаушылық білдіргені емес пе?!

2. Үйсіздерге үйшіктер керек-ақ. Бірақ бұл үйлерді ешкім де нарыққа қосып, бизнес жасамайтыны белгілі.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

1868 5
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 11 наурыз 2013, 07:20
Пікірлер
+0
11 наурыз 2013, 10:32

Керек нәрсе, бізде осындай болса ғой

+0
11 наурыз 2013, 10:44

Қолданысқа еңсе жақсы ғой менде бомждарды көргенде жаным ашып кетеді

+0
11 наурыз 2013, 12:25

Бизнесмендерді табу керек болып тұр ғой. Қазіргі таңда Америкада қаншама миллион бос үй тұр екен. Соның бәрін панасыздарға берсе, бірде-бір қайыршы қалмайтын көрінеді.

+0
11 наурыз 2013, 13:04

Елдің қамын ойлаған осындай адамдардан.

+0
11 наурыз 2013, 21:37

БАРЫП ТҰРҒАН АҚЫМАҚТЫҚ ҚОЙ МЫНАУ,,, :twisted: ОДАНША ҚАҢҒЫБАСТАРДЫ ҚАЙДАН ШЫҒАТЫНЫН АНЫҚТАП ОЛАРДЫ ҚАҢҒЫБАС ҚЫЛМАУДЫН АМАЛЫН ТАБУ КЕРЕК ОЛАРДЫҢ ҚАҢҒЫБАС ЕКЕНІН ПАЙДАЛАНЫП АТЫНДЫ ШЫҒАРҒАНША

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...