Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Құттықтауға асықпаңыз!

Құттықтауға асықпаңыз!

Құттықтауға асықпаңыз!

Адамзат баласы ықылым замандардан бері салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тыйымдарға ерекше мән берген. Қай қоғамда болмасын, осындай түсініктерге орын табылады. "Мынаны жасасаң, анадай болады, анадайды істесең, мынадай болады" деген алып-қашпа әңгімелердің көп айтылатындығы соншалықты, өмір сүргің келмей кететін сәттер де болып тұратыны бар. Сондай наным-сенімнің бірі – туған күнге байланысты айтылады. Туған күнмен ерте құттықтауға болмайды! Осындай "заң" бар! Бірақ не үшін? Қайдан шықты?

Логикалық түрде жауап беретін болсаңыз, "адам өзінің туған күнін бір апта бұрын бал-бұл жанып, ерекше бір оқиғаларды күтіп, жоспарлар құрумен болады, ендеше, ерте бастан құттықтап, көңіліне қаяу түсіріп қайтесіз?" деуіңіз мүмкін. Өйткені бұл күн ерекше әрі жалғыз. Мезгілінен бұрын айтылған тілек те күлкілі көрінбей ме? 

Бұл сіздің ойыңыз. Ал ырымдар сізден басқаша тіл қатады.

Сенім бойынша, кісіні туған күнімен ерте құттықтау жағымсыз оқиғалар мен бәле-жаланы шақырады дегенді айтады. Егер шынында сондай келеңсіз жағдайлар орын алып жатса, кінәлі – мезгілінен ерте ықылас танытқан адам екен.

Иә, маған да күлкілі болып отыр. Әжеміздің ертегісіне ұқсайды екен. Десе де, "жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды" деген бар емес пе? Бұл нанымға да бір нәрсенің себеп болғаны анық.

Бұл сенімге ақпан айының жиырма тоғызыншы жұлдызында туылған жандардың қатысы жоқ. Ол адамдар құттықтауларды жиырма сегізінші ақпанда немесе наурыздың бірінде қабыл алады. Көпшілік қауым жоғарыдағы дәстүрді ескеріп, тілектерді наурыздың бірінде жаудырады екен.

Тағы бір наным-сенім мезгілінен ерте құттықталған адам көптен күткен күнге жетпей қалуы мүмкін дегенді айтады. Сондықтан қымбат адамыңызға жамандық қаламасаңыз, бұл әдеттен аулақ болыңыз дейді.

Назарларыңызға ұсынған ырым-тыйымдарға сену де, сенбеу де өз құзырыңызда! Ең бастысы –тілегіңіздің шын жүректен болғаны емес пе?

Суреттер:chilelavida.blogspot.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

11490 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 18 сәуір 2013, 13:25
Пікірлер
+0
18 сәуір 2013, 13:30

Әрине сену сенбеу әркімнің еркінде) маған бәрібір мысалы)

+0
18 сәуір 2013, 13:42

туған күн деген ең жаман күн ғой... :lol: :lol: :lol:

+0
18 сәуір 2013, 17:16

көбі ұнатпайды ғой расымен

+0
19 сәуір 2013, 01:36

мезгілінен бір-екі күн құттықтап қоям кейде

+0
21 сәуір 2013, 03:15

өз туған күнімде тост айтканды жыным келед, смс арқылы құттықтаса қуанып қалам

+0
04 мамыр 2013, 16:38

мен да туған күнінде құттықтаймын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...