Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Із зердесі және ұлттық тамыр

Із зердесі және ұлттық тамыр

Із зердесі және ұлттық тамыр

Қазақ «Жол атасы – тұяқ (із)» деген. Із – еңбектің нәтижесі. Із – таңба, із – мөр, із – жоқтан жабысқан белгі, із – аяқ-тұяқ, қолдың таңбасы. Ал аңшылар аузында із өте күрделі, өте көп түрленіп айтылатын тақырып. Қазақ аңшылары осы іздерді жаңа із, көне із, ескі із, сары із, ақсақ із, жалғыз із, соқыр із, көп із, сүрдек із, шиыр із, жортқан із, қашқан із, қуған із, қарғыған із, секірген із, аңдыған із, шолған із, ізге түскен із, айналған із, қоршаған із, қорынған із, қайтқан із, жалтарған із, тышқаншылаған із, отырған, жатқан, аунаған із, кескен, қиған із, қос басып жаңылтқан із, жалтарған із, өрмелеген, жығылған, құлаған із, өкше із, маңдай із, сайрап жатқан анық із, көмескі, болымсыз із деп бөліп, іздің 60-тай түріне ат қойған. Ертедегі қазақ өмірінде, әсіресе аңшылық, малшылық, құсшылық, саятшылық кәсіптерінде іздің рөлі ерекше. Әрбір іздің өз алдына мән-мағынасы, мазмұны, ұғымы бар. Сарнап тұрған үндестік заңы. Бұл аңшы мен малшының, саяткер мен жортуылшылардың тілі. Бұл бастауын тым ертеден алып, бүгінге дейін өмір сүріп келген, жалғасып, сабақтасып отырған қасиет. Тіпті қазақ қауымы қоғамдық заңында адамның, мал мен аңның қол-аяғынан түскен таңбаны, мөрді, ізді куәлік ретінде алға тартып, құн алып та отырған. Жоқшы мен аңшы өз көзі, өз сезімталдығы мен ой жүгірту арқылы ізге түсіп, жоғын тапқан. Ізшілдер – көру, есту, есте сақтау, сезіну қуаты, саусақтарының да сезіну қуаты мықтап дамыған адамдар. Тез байқау, тез жорамалдау, тез болжау, тез мөлшерлеу, тез тұжырымдау, тез бағдарлау, тез үкімдеу сияқты жеті аспап ерекшелігі бар.

Ізге түсудің түрі көп. Солардың ішінен аң мен малға қатыстысын қарап көрейік: аңшы түлкінің соңынан түсті десек, ол қалай бет алған, жортып бара ма? Тышқаншылап жүр ме? Қашып бара ма? Қуып бара ма? Осының бәрін сол түлкінің қарға түскен ізіндегі қимыл-әрекетінен, аяқ басып адым алуынан, секіріп қарғуынан-ақ байқайды.

(Жалғасы бар)

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: baq.kz

1936 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 28 ақпан 2013, 17:19
Пікірлер
+0
28 ақпан 2013, 17:15

Іздің 60-тай түрі? :shock:

+0
28 ақпан 2013, 17:46

Ізге түсудің түрі көп

+0
01 наурыз 2013, 09:44

біз білмейтін ақпарат екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...