Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Қыз қашар

Қыз қашар

Кейде «естімеген елде көп» деп өзге жұрттың салты мен дәстүріне таң қалып жататынымыз бар. Шынымен де әр елдің салты басқа емес пе?! Дегенмен жұрттың көбі түгілі, өз қазағымыз біле бермейтін ондай салттар бізде де бар. Оның бірі «Қыз қашар» деп аталады.

Қалыңмалы түгел төленгеннен кейін қалыңдықтың әкесі құдаларына күйеу жігіттің қыз ұзату тойына қашан келуіне болатындығын айтып хабаршы жіберген. Бұл сапарда күйеу жігіт құдалықта келіскен соңғы сый-сияпаттарына жататын той малы, жыртысын, отаудың түндік-туырлықтары мен тойға тартылатын кәделерін ала келетін болған. Ол ұрын барған кезіндегідей бұл жолы да далада тоқтап, ауылдың қыз-келіншектері оған қайтадан жолым үй немесе шатыр тігіп, бар жағдайын жасаған. Бірақ бұл жолы бұрынғы кәделерді қайта сұрамаған. Сол күні қалыңдығы жеңгелері атқа мінгізіп басқа ауылға, бір ағайынның үйіне алып кететін болған. Бұны қыз қашар деп атаған. Күйеу жігіттің жолдастары оларды іздеп тауып, сол жерде қалыңдыққа тартыс басталған. Тартысқа екі жақ та шындап кіріскен. Адамдардың киімі жыртылып, аузы-мұрны қанап, сүйектері шығып немесе сынып кететін жағдайлар да аз болмаған. Кейде тартыс үш күнге дейін созылған. Ақыры, күйеу жігіт жағы сыйлық беріп ерегескен жақтың адамдарын біртіндеп өздеріне қаратып, қалыңдықты қайтарған.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: 1tv.kz 

4737 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 25 ақпан 2013, 16:08
Пікірлер
+0
25 ақпан 2013, 16:54

тәлімі бол дүние екен. Бірақ, біздің кей салт-дәстүрлермен келіспеймін

+0
25 ақпан 2013, 18:17

мен мына салтты білмеппін

+0
25 ақпан 2013, 18:27

"Келе бер" деп хабар бергеннен кейін мұнысы әділетсіздік сияқты ғой) (өз ойым)

+0
25 ақпан 2013, 21:44

дұрыс, бірақ ,қорқынышты , әрі ұяттау екен!.

+0
25 ақпан 2013, 23:23

алғаш естіп тұрм

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...