Әлемдегі ең үлкен метеорит

Әлемдегі ең үлкен метеорит

Адамзатқа белгілі жерге түскен ең үлкен метеоритті фермер Якоб Бритс 1920 жылы тауып алды. Сонымен қатар, бұл аспан денесі темірдің жер бетіндегі ең үлкен табиғи кесегі болып табылады.

Гоба деп аталатын метеорит Намибиядағы Гротфонтейн қалашығының маңында сақтаулы тұр. 60 тонналық темірді уақытында ешкім көтере алмағандықтан, ғарыштан келген "қонақ" сол жерде біржола қалып қойған.

\

о

Аспан денесі жер бетіне 80 мың жыл бұрын түскен. Ғалымдар оның Жер атмосферасында толығымен балқып кетпей, сау күйінде түсуін былайша түсіндіреді: "Метеорит Жер атмосферасына өте кішкентай бұрышпен кірген".

gh

ж

Айта кетелік, 1920 жылы метеориттің массасы 66 тонна болған еді. Дегенмен көптеген ғылыми зерттеулер мен вандализмнің себебінен оның салмағы бақандай 6 тоннаға кеміп қалды. Осыдан кейін сол кездегі Оңтүстік-Батыс Африка үкіметі 1955 жылы метеоритті ұлттық ескерткіштердің қатарына енгізді.

дж

лд

дж

лд

gh

gh

Қазір бұл мекен нағыз туристік орынға айналып отыр. Ғарыштан келген тасты көргісі келген кез келген азамат аздаған ақша төлеп метеориттің қасына жақындап, ұстап көріп қызыққа бата алады. Суретке түсуге де тыйым салынбаған.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: marmet-meteorites.com, omniplan.hu, flickr.com

Massaget