Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Бұл дүниеде не артық?

Бұл дүниеде не артық?

Бұл дүниеде не артық?

Бұрынғылар "Бәленнен түген артық" деген тәсілмен біраз аталы сөз қалдырған екен. Мұның бәрі де жұрт жүрегінде жатталып, мақал-мәтелге айналып кетті. Сіздерге соның біразын ұсынайын. Ал қалып қойғандары болса, пікір ретінде жалғай жатарсыздар. 

  • Көр кеуде періштеден, көпті көрген пері артық.
  • Ақылсыз достан, ақылды жау артық.
  • Адамшылығы жоқ адамнан, ессіз хайуан артық.
  • Сұлудан сүйкімді артық.
  • Байламы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық, Бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық.
  • Дау кемірген жігіттен, боқ кемірген ит артық.
  • Көрген көзден, берген қол артық.
  • Ортақ өгізден, оңаша бұзау артық.
  • Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
  • Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық.
  • Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық.
  • Өлген арыстаннан, тірі тышқан артық.
  • Алтын басты әйелден, бақыр басты ер артық.
  • Мың естігеннен бір көрген артық.
  • Қайырымсыз туыстан, қайырымды жат артық.
  • Жаман туыстан, жақсы көрші артық.
  • Сүймей алған сұлудан, сүйіп алған су мұрын артық.
  • Арамнан алған түйеден, адалдан алған түйме артық.
  • Қарау байдан кеуделі кедей артық.
  • Жеті күн жауған жаңбырдан, желіп өткен су артық.
  • Тәтті өтіріктен, ащы шындық артық.
  • Ез тірліктен, ер өлім артық. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: mongolianislam.com 

3473 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 14 ақпан 2013, 07:42
Пікірлер
+0
14 ақпан 2013, 10:12

Сүймей алған сұлудан, сүйіп алған су мұрын артық :!:

+0
14 ақпан 2013, 10:28

Сұлудан сүйкімді артық??

+0
14 ақпан 2013, 14:29

Сұлудан сүйкімді артық. :roll:

+0
14 ақпан 2013, 17:55

ұнады маған керемет

+0
24 ақпан 2013, 08:04

Сұлудан сүйкімді артық......)

+0
11 мамыр 2013, 15:13

маған өте қатты ұнады, рахмет.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...