Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Фейсбук: Енді сені аңдумен боламыз

Фейсбук: Енді сені аңдумен боламыз

Фейсбук: Енді сені аңдумен боламыз

Шетелдік БАҚ өкілдерінде Facebook-тің жаңа бағдарлмасы – смартфон-қосымша жайлы ақпарат пайда болды. Жаңа бағдарлама қолданушылардың тұрған жерін бақылайтын болады.

Аталған жоба 2013 жылдың наурыз айында жарыққа шығады деп жоспарлануда. Бір қызығы бұл бағдарлама қолданушы тарапынан іске қосылмаса да, өздігінен жұмыс істейтін болады.

Бұдан былай кез келген қолданушы өзінің достарының қайда екенін білетін болады, ал Facebook мамандары қолданушылардың жүріс-тұрысына, әдеттеріне анализ жасап, нәтижелерін жарнама берушілерге сатады.

Facebook қазір статусты жаңартқанда немесе фотосурет жариялағанда бағыт көрсетеді, ал жаңа қосымша қолданушылардың әрбір іс-әрекетін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, бұл Еуропа мен АҚШ елдерінің жеке мәліметтерді қорғау орталықтарының қаупін тудыруда.

Естеріңізге салсақ, Facebook-ке құпиялылық бұзылуы жөнінде айыптау 2009 жылдың желтоқсан айында түскен еді. Ол кезде аталған әлеуметтік желі қолданушылардың рұқсатынсыз жалпы мәліметтерді (аты-жөні, сурет, мекен-жайы, жыныс және де достарының толық тізімі) көпшілікке жария болатындай жасаған.  

Кейінірек еуропалық реттегіштер Facebook-ке құпиялылық саясатын қайта қарау жөнінде өтініш білдірді.

Ақыры, 2011 жылдың соңында Фейсбук Еуропадағы қолданушыларын автоматты түрде  бейнелерді танып-білу қызметінен өшіріп тастады.

Жаңа бағдарламаға көпшіліктің ойы қандай болары әзірге белгісіз. Ал сіздің ойыңызша, аталған бағдарлама қолданушыларға қаншалықты қажетті?

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: gigaom.comtheweek.com

1366 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 06 ақпан 2013, 15:53
Пікірлер
+0
07 ақпан 2013, 00:03

Ол үшін карта керек қой, ал біздің елдің көшелерінің картасы жоқ. Сондықтан бізге әлі ерте сияқты. Негізі жақсы!

+0
07 ақпан 2013, 11:31

іздеуші кіслерге жақсы болды ғой

+0
18 ақпан 2013, 10:52

Бұл енді шыға ма? Осыдан екі аптадай бұрын түрік бір досыммен сөйлесіп отырғанда, чатта оның қай жерде екені көрсетіліп тұрған болатын. Түсініксіз жердің атауы болғасын, қай жерде екендігін сұрағанымда ол менің қайдан көріп тұрғандығымды сұрап, таңғалған. Дәл сол кезде фсб көрсеткен жерде болған екен. :) Қызық шынымен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...