Samsung компаниясы Galaxy 2 7.0 планшетін қызыл түспен шығарды

Samsung компаниясы Galaxy 2 7.0 планшетін қызыл түспен шығарды

Samsung компаниясы Galaxy Tab 2 7.0 планшетінің «қызыл» түстісін шығарғаны туралы хабарлады.

Бұл планшеттің құны 220 доллар. Жаңа девайстың экраны 7 дюймды. 2 ядролы Android 4.1 операциялық жүйесі бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ microSD-слот, USB 2.0-порт және Bluetooth 3.0 қосымшалары да бар. 4G LTE мен Wi-Fi жүйесі де орнатылған.

Бүгінгі таңда Samsung Galaxy 2 7.0 планшетінің қара және ақ түстері бар. Компания қызметкерлерінің айтуынша, «қызыл» түсті девайстың өзге планшеттерден ешқандай айырмашылығы жоқ екен. Сатылымға Galaxy 2 7.0 ақпан айының ортасынан бастап шығады. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: mforum.ru

Ю. НИКУЛЛИН