Ерте ме, кеш пе Жер Күнге "құлайды"

Ерте ме, кеш пе Жер Күнге "құлайды"

Миллиардтаған жылдан соң аспан әлемінде айтарлықтай алапат өзгеріс болатындығы ғылымға аян. Тек ауыр құбылыс қай шеттен, қалай туындайтыны анық айтылмай келді. Дүниежүзінің ғалымдары бір шешімге тоқтап отыр. Айтатыны - бес миллиард жылдан соң, Жер Күнге "құлайды". Мамандардың сөзінше, уақыт жеткенде планеталар өз ретімен қозғала келе біртіндеп Күнге құлайды. Бұл жөнінде НТВ хабарлап отыр. 

Осыған дейін ғалымдар енді бес миллиард жылдан соң Күн Жерді толық өртеп жібереді деп айтқан болатын. Бұл тұжырымға АҚШ, Испания және Польша ғалымдары тоқтап отыр. Өйткені олар бір планетаға жұтылып кеткен қызыл жұлдызды зерттеп еді. Сутегісі таусылған жұлдыздар қызыл жұлдыз деп аталады. Егер аспан әлеміне мұндай жұлдыз жақындаса, оның температурасы өсе түседі. Сосын жұлдыздың өзі үлкейіп өз орбитасына жақын тұрған планетаға келіп құлауы ғажап емес. 

"Осыған ұқсас тағдыр бес миллиард жылдан соң Күн жүйесін де күтіп тұр. Сонда Күн қызыл жұлдызға айналып, Жер Күнге "құлайды", - дейді Пенсильвания университетінің профессоры Александр Вольшчан.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: gamedev.ru

А. Әбілхан