Метрополитен туралы не білесіз?

Метрополитен туралы не білесіз?

Бүгін біз әлемнің метрополитендерін бір шарлап шықпақпыз. Қоғамдық транспорт ретінде жүргіншілерге айтарлықтай пайдасын тигізіп жүрген бұл құрылғылардың орны ерекше. Ендеше солар туралы қызықты да маңызды мәліметтерге көз жүгіртелік!

Әңгіменің басын тарихи мәліметтен бастайық. Алғашқы метрополитен желісі 1863 жылы 10 қаңтарда Лондонда салынған. Ол «Metropolitan line» деп аталды. Жеті жыл өткен соң, сол құрылғының жобасына ұқсас тағы бір метрополитен пайда болды

Афиндықтар екінші метрополитенді дүниеге әкелуімен тарихта қалды. Оның алғашқы жолы 1869 жылы 27 ақпанда ашылды. Ал екінші жолы 2000 жылы ғана дайын болып, пайдалануға берілді.

Әлемдегі ең кішкентай метроның ұзындығы 1280 метрді ғана құрайды. Ол - австриялық Зерфаус метросы. 

Ең ұзын жол асты метросы Мәскеудегі  Серпуховский-Тимирязевский желісі. Ұзындығы - 41,2 километр

Ең үлкен метрополитен Нью-Йоркте.

Айтпақшы, әзірге әлемдегі ең жас метрополитен - Алматыда. Ол 2011 жылдың 1 желтоқсанында ашылды.

Ал әлемдегі ең тереңде орналасқан станция- Киев метрополитенінде. «Арсенальная» деп аталатын жер асты жолы  105,3 метр тереңдікте салынған. 

Әлемдегі ең арзан жол жүру құны - Солтүстік Кореяның жер асты жолында. Екінші станцияға дейін жетіп алу үшін үш америкалық цент жетіп жатыр.

Ал әлемдегі ең қымбат жол жүру құны - Лондон меросында. 

Әлемдегі ең әдемі метрополитен Стокгольмде. Метрополитен әлемдегі ең үлкен көркемдік бейнелеулермен өрнектелген.

Әр жиырмасыншы өзін-өзі өлтіру оқиғасы метрода болады.

Токио метросында көп адамдарды метроға сыйғызып салып жіберетін арнайы қызметкер жұмыс жасайды. Оны «осия» деп атайды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: re-actor.net

А. Әбілхан