Шоколад жеп үлгеріңіз, әйтпесе...

Шоколад жеп үлгеріңіз, әйтпесе...

2013 жылы шоколад тапшылығы болады! 

Дүниежүзілік саудада Батыс Африкадан какао өсірілу ісінде қиындықтар туындауда. Бұл шоколад өнімінің қымбаттайтындығының дәлелі. 

Соңғы жылдары егін түсімінің нашарлағаны сонша, 2,9 пайызға (3,85 тоннаға дейін) төмендеген. Қуаңшылықтың кесірінен Кот-д'Ивуар, Гана, Индонезия мен Нигерия да дүниежүзілік саудаға шоколад өнімін аз мөлшерде қоспақ. 

Rabobank International сарапшы мамандарының айтуынша, енді дүниежүзілік саудада шоколад тапшылығы 122 000 тоннаны құрайтын болады. 

Бұл көрсеткіштерден шоколад құнының өсетіндігі жайында жорамал жасауға әбден болады. 2013 жылдың алғашқы жарты жылдығында өнімнің бағасы 7,8 %-ға өседі ( 2 643 доллар). 

Ал Hackett Financial Advisors Inc. компаниясының президенті Шон Хэккеттің (Shawn Hackett) айтуынша, өнім бағасының өсімі бірінші жарты жылдықта 40 %-ды құрайды. 

Егер мұндай тапшылық расымен алдымыздан шығар болса, онда болашақта шоколад өнімдері тек қалтасы қалыңырақ жандардың дастарханынан ғана табылатын болар. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: shkolazhizni.ru

А. Әбілхан