Samsung компания Galaxy S2 Plus смартфонын таныстырды

Samsung компания Galaxy S2 Plus смартфонын таныстырды

Корейлік Samsung компаниясы Galaxy S2 модельді смартфонының орнын басатын Galaxy S2 Plus телефонын ресми түрде таныстырды.

Жаңа смартфон жаңартылған 4.1.2 Jelly Bean нұсқасындағы Android операциялық жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Ал түп нұсқадағы Galaxy S2 смартфоны Android 2.3 Gingerbread жүйесі бойынша жұмыс істеген.

Қос смартфонда да операциялық жүйеден басқа өзгерістер жоқтың қасы. Galaxy S2 Plus құрылғысы ескі смартфон секілді 1,2 ГГц жүйелік блогы 1 ГБ жедел жад, WVGA Super AMOLED Plus дисплейі 4,3-дюймды болып құрастырылған. Артқы бөлігіндегі камера 8 мегапиксельді, ал алдыңғы бөлігіндегісі 2 мегапиксельді құрайды. Сондай-ақ, Wi-Fi және Bluetooth 3.0 қосымшаларымен бірге 3G-ді де қолдайды.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:kurs.ru

Ю. НИКУЛЛИН