Apple бәрін жасаса...

Apple бәрін жасаса...

Әйгілі Apple компаниясының шығарған әр тауары нағыз брендке айналады. Олар қыруар ақшаға сатылып, жастар арасында ерекше танымалдылыққа ие болады. Смартфон, планшет, компьютерлер мен ноутбуктар нарығында алдыңғы орында келе жатқан Apple басқа тауарларды жасаса қалай болар еді?

iWater
iWater - таза, мөлдір ауыз суы. Ал ең бастысы iWater ішкенде сізге бәрі қарап, қызғана бастайды.
iToilet
Элиталы унитаз өзінен еш нәрсе аямайтын жандарға арналған. Жоғары технологиялық материалдардан жасалған бұл бұйым сіздің жоғары талғамыңызды көрсетеді.
iSmell
iSmell - Apple-дан әмбебап әтір. Ол ер кісіге де, қыздарға да сай келеді. Әлбетте оның иісі ерекше, басты иісі алма болуы тиіс.
iPets 

iDog пен iCat сіздің адал достарыңызға айналмақ. Толықтай автономды олар Apple-дың кез келген тауарымен синхронизацияланады. 

iCycle
Велосипедтер салсындағы нағыз революция! Үстінде отырған кезіңізді өзі-ақ суретке түсіріп, Instagram-ға салып қояды.
iBrew 

Таңмен ояну қиын ба? iBrew кофе қайнатқышы сізге азанмен хош иісті кофе дайындап, күніңізді бастайды.
hiTops
Жоғары технологиялық кроссовкалардың навигация жүйесі, аяқты тану командасы, жүгіргенде жоғалтқан калорияны санайтын құрылғысы да бар.
iSight
Бұл көзілдірік жай ғана сәнді аксессуар емес. Оның линзалары бәрін 1080p HD кеңейтілуде көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ камераны қосып, сурет пен видеоны түсірсеңіз болады.
Ал сіз Apple-ға қандай тауар шығаруын ұсынар едіңіз?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: vk.com
С. А