Кейіпкер кітап бетінде...

Кейіпкер кітап бетінде...

Бүгінгі таңда жан-жақтан жаңалық ашып жатқан алтын қолды адамдар өнерге тұсау салу мүмкін емес екендігін дәлелдеп жатыр. Кітапты қолға алсақ, ішінде не жайлы жазылған екен деп парақтай бастаймыз. Ал кейбірі кітап бетін ол үшін ашпайды екен. Кітап бетінде түрлі бейнелер жасайтын шеберлерге дау жоқ. Олар өз бойларындағы өнерді әлемге паш етпек боп талай дүниені кітап парақтарымен жасап шығарады. Оған таңданудан басқа шарамыз жоқ. Сондай атышулы шеберлердің бірі - Джоди Харви-Браун. Ол кітап оқуды ұнатпайды емес. Оның ойы бізден де ерекше. Біз тек шығарма кейіпкерлерін көз алдымызға елестетеміз де, қоямыз. Ал ол сол кейіпкерді кітап бетіне жасап шығарады. Сенбесеңіз, қараңыз!

 


Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: re-actor.ne

А. Әбілхан