Қазақстандықтар үшін 4G пакеті 8 мың теңгені құрайтын болды

Қазақстандықтар үшін 4G пакеті 8 мың теңгені құрайтын болды

Қазақстан тұрғындары 4G пакетін 8 мың теңгеге сатып ала алады, деп хабарлайды ALTEL 4G сайтына сілтеме жасай отырып Tengrinews.kz.

Компания сайтының мәлімдеуінше, қазіргі кезде 4G қызметі үшін "Гранд Премьера" тарифтік жоспары іске қосылған. Тариф бойынша, бұл қызмет түрін қолданушы 99 Гб болатын Интернет-трафигі мен құны 4500 теңге тұратын модем немесе өз таңдауымен 7500 теңгеге Wi-Fi сатып алуына болады. Пакеттің әрекет ету мерзімі қосылғаннан бастап 90 күн. Абоненттік төлем алынбайды. 

Одан бөлек, 30 күнге жетерлік 10, 15 және 20 Гб болатын пакет трафиктерін сатып алсаңыз да болады. Сондай-ақ, компания мегабайт бойынша пакеттер қызметін де ұсынып отыр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: bnews.kz

Б. Қосмағамбет