Қазақстан веб-шабуылдарға дайын емес

Қазақстан веб-шабуылдарға дайын емес

"Касперский" зертханасының құрған рейтингісінде Қазақстан ғаламтор желісіндегі веб-шабуылдарға жиі тап болатын, қауіпті мемлекеттердің қатарына еніп, 7-орынды көрсетіп тұр. Бұл рейтинг 2011 жылдың ішінде дүниежүзінде интернет-шарлау барысында компьютерлерге қауіп төндіріп алу деңгейі негізінде құрастырылған болатын. Қорытындының нәтижесіне сенетін болсақ, 2011 жылы Қазақстандағы ғаламторға қосылған барлық компьютерлердің 47%-ы веб-шабуылдарға тап болған екен. 2010 жылы бұл көрсеткіш 43,2%-ы құрап, тізімде 9-орынды көрсеткен. Біздің елмен бірге "қауіпті тізімге" тағы 21 мемлекет енген.

2011 жылы Интернет-шарлау барысында Ресейдегі барлық компьютерлердің 55,9%-ына қауіп төніп, көршіміз тізімді бастап келеді. Оман екінші орында - 54.8%. Бесінші орыннан үшіншіге АҚШ түскен - 50,1%. Бір айта кететіні, Ирак мемлекетінің 2010 жылмен салыстырғанда, ғаламтордағы веб-шабуылдарға төтеп беру көрсеткіші біршама өсіп, 61,8 ден 45,4%-ға түскен. Енді бұл мемлекет 8-ші орында.

"Қауіпсіз" топқа: Эфиопия, Гаити, Дания, Нигер, Того, Бурунди, Зимбабве, Бенин мен Мьянма мемлекеттері енген. Назар аударсаңыз, бұл тізім Данияны ескермегенде Африка мен Азия мемлекеттерінен тұрады. Бұны елдердегі ғаламтордың әлсіз дамымағаны мен ақпарат алмасу үшін жады құрылғыларының көптеп қолданылуымен түсіндіруге болады.

Сурет nhm.ru сайтынан

Форумда талқылау