Twitter қолданушылары 200 миллионға жетті

Twitter қолданушылары 200 миллионға жетті

Twitter компаниясы жуырда өзінің жаңа жетістіктері туралы мәлімдеді. Хабарламада Twitter аккаунтын қолданушылар 200 миллион адамға жеткенін айтылды. Тізімдегі белсенді қолданушылар деп Twitter компаниясы өз аккаунтынан айына бір рет микроблог жариялайтындарды да қосқан екен.

«Біз сіздермен біргеміз. Біздің желіге тіркелген адамдарға көп рақмет», -дейді компанияның жетекшілері.

Twitter қолданушыларының саны 100 миллионнан асқанын компания былтырғы жылдың қыркүйек айында жариялаған болатын. Ал 2012 жылдың мамыр айында қолданушылар саны 140 миллионға жеткен. Ол кездегі есеп бойынша Twitter микроблогында 340 миллион твит тіркелген.

Соңғы кездегі бұл интернет желісінің қарқынды дамуына мамандар Apple компаниясының арнайы Twitter үшін жасаған iOS 5 қосымшасы үлкен үлес қосты дейді. iOS 5 қосымшасы арқылы қолданушылар Twitter-ге қол телефоны, планшет арқылы да кіре алады.

Айта кетейік, Twitter ғаламтор желісі 2006 жылы іске қосылған. Дегенмен ол бүгінге әлеуметтік желілердің ішіндегі 1 миллиард тұтынушысы бар Facebook компаниясымен бәсекелесе алмайды.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: tengrinews.kz

Ю. НИКУЛЛИН