Сенсорлық экранды қолғаппен де еркін басқаруға болады

Сенсорлық экранды қолғаппен де еркін басқаруға болады

AnyGlove компаниясы сенсорлық телефонды қолғаппен де басқаруға мүмкіндік беретін сұйық полимер жасап шығарды.

Өнертабыстың арқасында бұдан былай суық елді мекендердің тұрғындары қолғаптарын шешпей-ақ смартфондарын оңайлықпен басқара алатын болады. Дегенмен контактінің нақтылығы аса жоғары болмайтындығын айта кетелік.

Өнертабысты сынап немесе пайдаланып көргісі келген тұтынушы сұйықтың 1-2 тамшысын қолғабына тамызуы керек. Полимер осылайша матаға сіңіп, ол көзегінде электр өткізгішіне айналады. Матада дақ қалмауы үшін сұйықтықты ақ киімдерге тамызу құпталмайды.

AnyGlove-тың бір флаконы (7,5 миллилитр) 15 доллар тұрады. Айта кетелік, қолғапқа тамызылған соң полимер өз қасиетін бір апта көлемінде сақтап тұрады. Киімді жуған күннің өзінде оның сенсорлық экранға әсер ету мүмкіндігі жоғалмайды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: pokupon.by

Қ. Қауымбек