Америкалық ғалымдар "матрица" жасап шығармақ

Вашингтон университетінің физик ғалымдары біздің галактикамызды тереңірек зерттеу мақсатымен симуляциялық бағдарламалар жасаумен айналысып жатыр. Олар осылайша "Матрица" фильміндегі сюжеттің біздің планетаға қатысы бар-жоқтығын тексеріп көрмек. Яғни, зерттеушілер біз қолдан жасалған әлемде өмір сүріп жүрміз бе деген сұрақтарға жауап беретін болады.

Ғалымдардың қазіргі кезде көлемі атомның ядросындай болатын арнайы модель жасап шығуға қауқары жетеді екен.

Дегенмен бұл жоба әлі іске асқан жоқ. Әйтсе де, кейбір физиктер, әсіресе жас ғалымдар біздің әлеміміз басқа цивилизацияның "компьютерлік ойыны" болып шықса не істемекпіз деген ой үстінде. Бұндай жағдайда ғылымды қай бағытқа бұру керек? "Бағдарламашымен" байланысқа ма, әлде дәл осындай басқа "компьютерлік графикаларды" іздеу жұмыстарына ма? Алдағы уақытта ғалымдар осы сауалдарға жауап беруге тырысамыз деп отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: gamer.ru