Apple қазақстандық оқушыларға арнап қосымша жасап шығармақ

Apple қазақстандық оқушыларға арнап қосымша жасап шығармақ

Apple компаниясы қазақстандық оқушыларға арнап арнайы қосымша жасап шығаратын болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Apple компаниясы еліміздің орта мектеп оқушыларына IT технология жетістіктерін енгізуді жоспарлап отыр. Осы жоба сәтті іске асып жатса, онда компания бұдан әрі де осындай бірыңғай жобаларды жүзеге асыратын болады",-дейді Apple өкілі. 

Жаңа қосымша ішінде мектеп оқулықтары мен тапсырмалардың жиынтығы және оқушыларға арналған көптеген қызық мәліметтер орналасатын болады.

Одан бөлек, әлемге танымал компания қазақстандық бағдарламашыларды IT саласында оқытуды жоспарлап отырған көрінеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: alfa.kz

Б. Қосмағамбет