Төрткүл дүниенің деректері!

Төрткүл дүниенің деректері!

Сіз мұндай деректерді кездестірмегеңізге 100 пайыздық кепіл беремін! Ендеше, біздің өмірдегі соны деректер топтамасы.

Дүниедегі ең қымбат ірімшік мәшіннің (ұрғашы есек) сүтінен жасалады. Бағасы - 1350 доллар.

Сегізаяқтарда үш жүрек болады.

Егеуқұйрықтар күле алатын болып шықты.

Хьюстондағы (АҚШ) аэропорт әкімшілігі заттарды қайтару тұрғысында (выдачи багажа) көптеген арыз-шағымдардың келіп түскенін аңғарады. Содан әкімшілік қызметкерлері ақылдаса келе үлкен әдіс ойлап тауыпты. Зат қайтаратын жерді ұзыннан-ұзақ қылып созып тастапты. Нәтижесінде адамдар көп жүріп, өз кезегінде арыз-шағымдар азайып сала берген.

Кениялық Мозес Лекалау шабуыл жасаған арыстанды қолмен ұрып өлтірген. Бірақ, бірнеше минуттар өтер-өтпестен қорқау (гиен) қасқырлардың тобына кездесіп, қаза болған екен.

Коргинью ауданында (Бразилия) 2012 жылы ақырзаман болады деп шулап жүрген жандарға арнайы мекен (колония) салынып жатқан көрінеді.

«Ромео мен Джульетта» (1968) киносының премьерасында Джульеттаның рөлін сомдаған Оливию Хассиді фильмге жібермей қойған. Себебі, аталған актриса фильм ішінде кездесетін кішігірім түсірілімдер барысында жалаңаш (шешініп) ойнапты.

1987 жылы оңтүстіккореялық полиция қызметкері Бомгон қалың ұйқыда жатқанда, әйелі кеудесіне қонған шыбынды өлтірем деп ұйқысын бұзыпты. Содан қатты ашуланған Бомгон күні бойы мазасызданып, ызаға беріліп жүрген. Ең жаманы, кешкісін жұмыс кеңсесінен қару алып кетіп, ақыр аяғында 57 адамды өлтіріп тынған екен.

Бір бала - тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын Берген-Бельзен лагерінің тұтқыны 6 рет қатарынан газды камерадан өлмей (газ жіберіп өлтіру), тірі қала беріпті.

Атақты "Титаник" кемесін батырған айсберг түсірілген сурет сауда-саттыққа шығып отыр екен. Бүгінгі таңдағы иелері суретті 10 000 доллардан кем сатпасына көз жеткізіп отырған сыңайлы.

суреттер:romeo-juliet-club.ru; liveinternet.ru; ejin.ru; doseng.org

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига