Біз білмейтін!

Біз білмейтін!

Көңіл сергітетін деректер топтамасына бір көз жүгірте отырыңыз. Сәл де болса езуіңізге күлкі үйірілері сөзсіз. Ендеше, қызық пен шыжыққа толы деректер!

Жылы су суық суға қарағанда ерте мұздайтын болып шықты. Ғалымдар әлі күнге бұл сырды түсіндіре алар емес.

Адамдардың кітапты іштен оқып үйренгеніне де көп бола қойған жоқ. Орта ғасырларда кітапты іштен оқитындар санаулы-ақ болған деседі.

Құрт-құмырсқалар ауруды (сыздауды, қақсауды) мүлдем сезінбейді десе де болады.

Музыканттар бірге ойнағанда олардың ми толқындары синхронды (үйлестіріледі) түрде жұмыс істейтін болады.

Күптеген сәтте туындап отырған қажеттіліктен телефонның батарейкасынан от тұтандыруға болады.

Бейнеойындар шығаратын британдық "GameStation" компаниясына өз 4 500 клиентінің жаны заңды түрде тиесілі болып шықты.

16 мен 19 ғасырларда жаңа жылдық қарсаңда "арыстан ауыз" деген ойын дәстүрлі түрде ойналып тұрған екен. Ойынның бар мақсаты - от маздап тұрған кесе ішінен бір түйір мүйіз (не болмаса жүзім) алу;

Спортпен айналысып қана қоймай, бір уақыт спорт туралы ойланып тұру да маңызды (эффективно) болып шықты.

2009 жылы диарей ауруынан 2,6 миллион адам қаза тауыпты.

суреттер:m.jjangdrip.com; travellik.ru; prostoklevo.ru; bankreceptov.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига