Сіз білмейтін қызықтар!

Сіз білмейтін қызықтар!

Бір уақыт бәрін ұмытып, көңілді сергітіп алғыңыз келсе, онда төмендегі қызықты деректерге көз жүгірте отырыңыз. Сіз білмейтін қаншама қызықтар бар...

Жаз күні Эйфель мұнарасы 15 сантиметрге дейін биіктейді.

Жер бетіндегі ең үлкен сурет - 6730 шаршы метрді құрайтын ыржиған езу.

Адамның денесінде ұзындығы 7 сантиметрге дейін шеге жасап шығаруға жететін темір бар.

Құндыздардың тістері өмір бойы өседі.

Әлемдегі ең ұзақ қамауға алынған адам 10 000 жылдық жазаға кесілген екен.

Егер акула қарнымен теріс айналатын болса, онда ес-түсінен айрылып, өліп кетуі мүмкін.

Неандерталь адамдардың миы қазіргі адамдардың миынан үлкен болыпты.

Жүрісі ең баяу балық - теңіз атшасы.

Тасбақалар қыс күнгі ұзақ ұйқыда арт жағымен де тыныс ала алады.

Адамның көз қарашығы жағымды нәрсеге қарағанда 45 пайызға дейін үлкеймек.

Таң ертеңгісін алма жемісі кофеге де қарағанда артық сергектік сыйлай алады.

iPhone-ды 595 апельсинмен қуаттауға болатын көрінеді.

суреттер:designclub.com.cn

Дайындаған:Фараби Арыстанбек

Л. Лига