NASA Жердің түнде түсірілген суреттерін жариялады

NASA Жердің түнде түсірілген суреттерін жариялады

NASA мамандары жақында 2012 жылдың сәуірі мен қазан айларында Жер серігі түн мезгілінде түсірген Жер ғаламшарының суреттерін жариялады. Үлкен сапамен түсірілген суретте әлем қалалары шамдарының жарқыраған көрінісі тамаша көрсетілген. 

Жер серігінің көпшілігі осыған дейін Жер көрінісін тек қана күндіз түсіріп келген. Былтыр ұшырылған Suomi NPP аппаратының бортында орналасқан арнайы құрылғы көмегімен ғалымдар енді түн мезгілінде де тамаша суреттер түсіре алады. 

Жердің жаңа түсірілген суреттері Сан-Францискода өткен Америка геофизикалық кеңесінің отырысында жарияланды. Суреттегі қалалардың кейбірі жеке жұлдыздар бейнесінде көрінсе, кейбірі жұлдыздар шоғыры іспеттес. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rtkorr.com

Б. Қосмағамбет