Құстардан қашыңыз!

Құстардан қашыңыз!

Сіздің санаңыздағы «құстар» деген ұғым тыныштық, сабырлылық қасиеттерімен пара-пар. Өйткені, күннің көзі күлімдеп шыққан, жайдары күндері көзіңізді аша салысымен немесе саябақта серуендей қалсаңыз, ең алғашқы еститініңіз – құстардың сызылған үні.

Бірақ, сол құстарымыз да өте қатал, өзінен кейін өлім мен аласапыран қалдыратындай жауыз да бола алады екен.
Сондықтан да, төменде баяндалатын құстардан сақ болыңыз!

Шағала

Сіз шағаланың қолынан келер ең нашар тірлік – түскі асыңызды ұрлап немесе басыңызға бүлдіріп кету деп ойлайтын боларсыз. Алайда, осы бір жағалау тұрғындарының өзге де теріс әдеттері бар екен. Тексеріп көргіңіз келсе, шағаланың ұясына жақындап көріңіз. Ол өзінің балапандарына қауіп төнгенін сезсе, бар күшімен бас сүйектен ұрып, миды шұқып тастауы мүмкін.

Сұңқар

Бұл жыртқыш құс кеміргіштер мен балықтарға шабуыл жасап, өзінің адам нанғысыз тұмсықтарымен бөлшектеп тастайды. Адамдар сұңқардың адам баласына деген қаупінің жоқтығын жиі қайталаса да, ешкім оған кепілдік бере алмайды. Жас сұңқарлардың адамдарға тигізген зардаптары бірнеше рет қайталанған.

Көкбасты ифрита

Негізінде көкбастар шыбын-шіркей, жәндіктермен қоректенеді. Улы қоңыздармен тамақтанатын ифриталарға жолауға болмайды. Егер, жалаңаш қолмен ұстай қалсаңыз, айықпас ауру жұқтырып алу қаупіңіз бар.

Шыбыншы торғай

Индонезияның, Аустралияның, Жаңа Гвинеяның тропикалық және субтропикалық ормандарында мекендейтін бұл торғайлардың түсі сарғыш және даусы сыбызғының үніне ұқсас болып келеді. Шыбыншы торғайлардың да өлім тудыратын уы бар.

Бүркіт


Бүркіттің зиянын тәтпіштеп айтып жатпасақ та, жақсы білетін боларсыз. Ол өзінің тұмсығымен екі келі олжаны оп-оңай ұстап тұра алады екен. Және бүркіт көзінің өткірлігімен ерекшеленеді.

Қарақұс (құзғын)

Құзғындардың келбеті сұрықсыз және жауыз болып көрінеді. Көбіне өліктермен қоректенетіндіктерінен, адам баласына сібір жарасы сынды аса қатерлі сырқаттарды жұқтыратындықтары анықталған.

Түйеқұс

Түйеқұстар – әлемдегі ең ірі құстардың бірі. Олардың бойы – 2,8 м, ал салмағы 158 келіні құрайды. Түйеқұстың ашуына тиер болсаңыз, сізді бір соққысымен о дүниеге аттандырып жіберуі мүмкін.

Казуар

Әлемдегі ең қауіпті құс – казуар. Сіздің бағыңызға орай олар біздің елді мекен етпейді. Казуарларды Жаңа Гвинея ормандарынан кездестіруге болады. 12 сантиметрлік қанжар сынды тұмсық ішіндегі тұмсығы адамды еш себепсіз өлтіре алады. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде олардан келген зардаптар көп болғандықтан, жауынгерлерге жиі құлақтандырулар айтылған.

Суреттер:forum.zoologist.ru,lecc.ru,peoples.ru,exofrogs.com.ua,modelsv.ru,usiter.com,

givotnie.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева