Дүниетанымды өзгертетін 10 карта

География пәнінде әлем картасын ақтарып, глобустан мемлекеттерді іздейтін едік. Бүгінде әлемнің түрлі карталарын сызуға болады. Соның ішінде ең қызықты деген 10 картаны назарыңызға ұсынамыз. 

Қазіргі күннің Пангеясы

Пангея – палеозой дәуірінің соңында, мезозой дәуірінің басында болған біртұтас құрлық. 335-175 миллион жыл бұрын Жерде қазіргі құрлықтар бір-біріне жабыса орналасып, біртұтас құрлықты құраған. Ал сол кездегі панея әлі күнге дейін болса қалай болар еді?

Қар құрсауынан босаған Антарктида 

Ғалымдар Антарктида еріп, алдағы жүз жылда толық жойылуы мүмкін деген болжам айтады. Ал оған дейін Антарктида мұз толық ерігендегі картасын қарап көріңіз. Биіктігі 2-5 шақырым болатын мұздың астында құрлық жатыр. Алайда оның 60% су астында. Құрлықта тау тізбектері, жанартаулар мен диаметрі 490 шақырым болатын кратер бар. 

Әлемде Макдональдс жоқ ел бар ма?

Дүниежүзінің 120-дан астам елінде ашылған Макдональдс әлі "аяқ баспаған" жерлер бар екен. Негізінен Азия мен Африка елдеріне жетпеген. Оған қоса Исландия мен Гайанада жоқ. 

Күн тұтылуы

Google қызық тәжірибе жүргізіпті. Картадан көріп тұрған қара дақтар Күн тұтылуына қатысты іздеулер екен. Ерекше құбылысты көрген аймақтың тұрғындары Google іздеу жүйесінің көмегіне көбірек жүгінген. Осылайша картадан Күн тұтылуының дәл траекториясын қайталанғанын көруге болады. 

Ғаламтор қанша адамға қолжетімді?

Ғаламтор 30 жыл бұрын ғана пайда болғанына қарамастан қазір әлемнің маңызды бөлігіне айналып үлгерді. Бүгінгі адамды ғаламторсыз елестету мүмкін емес. Алайда статистикаға жүгінсіз ондай адамдардың көп екенін аңғаруға болады. Орташа есеппен алғанда әлем халқының 46% ғаламторға кірмейді екен. Әрине, олардың басым бөлігі Африка құрлығында деуіңіз мүмкін. Дегенмен Қазақстанда ғаламторды халықтың 56% ғана қолданады екен. 

Мал басы көп елдер

Көштің басында Үндістан тұр. Сиырды қадір тұтатын үнді елінде ірі қара саны бойынша әлемнің алдында тұр. Одан кейінгі орындарды Бразилия, Қытай, АҚШ пен Аргентина бөліскен.

Роботы көп елдер

Сөзсіз, роботты көп құрастырғандардың көшін Жапония бастаған. Одан кейінгі орынға АҚШ жайғасса, үшінші орында Германия тұр. Бұдан бөлек, Оңтүстік Корея, Қытай, Канада мен Ұлыбританияда робот құрастыру қолға алынған.  

Розетка картасы

Розетканың да картасы болады екен. Күнделікті қолданатын розеткамыздың әлемде негізгі 9 түрі бар екен. Сондықтан шетелге саяхаттамастан бұрын розеткасы қандай екенін біліп алыңыз.

Ұшақтың ұшу бағыты

Google-да ізделінуіне қарай ұшақ рейстерінің картасын сызуға болады екен. Көп ізделінген рейстер қай аймаққа тиесілі екенін картадан бірден аңғаруға болады. Ал соғыс болып жатқан елдерде не дамымаған елдерде ұшақ рейстерінің аз екенін байқайсыз. 

Атом электр станциясы қай елде көп?

Картадағы ақ дақтар жұмыс істеп тұрған атом электр станцияларын көрсетеді. Франциядағы 58 АЭС елдің 70% электрмен қамтамасыз етеді екен.