Финляндияда маусымдық депрессиядан айықтыратын гаджет ойлап табылды

Финляндияда маусымдық депрессиядан айықтыратын гаджет ойлап табылды

Хельсинки қаласында ми жасушаларына құлақ каналдары арқылы әсер етіп, адамды "қысқы" депрессиядан арылтатын құрылғы ойлап табылды. 

Ерекше гаджет "Valkee" деп аталады. Пішіні жағынан MP3-плеерге өте ұқсас. Ол қыс мезгілі кезінде адамға жетіспейтін күн сәулесінің әсерінен туындайтын проблемаларды жеңуге арналған заттек бөлетін болады. 

"Valkee" құрылғысын жасаушы Юсо Нисила бұл әдісті құстардан алған екен. Құрылғы құлаққап түрінде жасалған. Оның басында миға әсер етіп, көңіл көтеруге себеп болатын арнайы шам орнатылған. Бар-жоғы 12 минутқа созылатын процесс кезінде, құрылғы арқасында адам денесіне көңіл-күйге жауап беретін серотонин, меланин және дофамин заттары бөлінетін болады.  

190 еуро тұратын аппарат қазірдің өзінде сатылымда үлкен сұранысқа ие. Статистика көрсеткендей, әзірге сатып алушылардың тек 1%-ы ғана құрылғыны қайтарып жатыр екен. Яғни "Valkee" әсері айтарлықтай деген сөз.  Әзірге оның 25 000 данасы сатылып кеткен. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: yle.fi

Б. Қосмағамбет