Смартфонға арналған медициналық қалта сканері

Смартфонға арналған медициналық қалта сканері

Scanadu компаниясы дене температурасы, тамыр соғысын және қан қысымын өлшейтін смартфонға арналған медициналық қалта сканерін жасап шығарды.   

Сонымен бірге, аксессуар аурудың диагнозын анықтап қана қоймай, науқасқа емделу жөнінде кеңес те беріп, жақын жердегі клиниканың мекен-жайы мен байланыс нөмірлерін де көрсететін болады. 

Гаджет анықтаған мәліметтерді Bluetooth арқылы смартфонға береді. Одан соң арнайы қосымша оларды өңдеп, нақты қорытынды шығаратын болады. Қосымша iOS, Android және Windows Phone операциондық жүйелерін жүктеле алады. 

Құрылғы келесі жылы сатылымға шығады деп жоспарланып отыр. Бағасы 150 доллардай болмақ. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет:  gizmag.com

Б. Қосмағамбет